
Құрметті достар!
Құрметті «Есік Болашақ-2010» балабақшасының ата-аналары мен достары!
Біздің балабақша 16 жыл бойы мектеп жасына дейінгі балалармен үздіксіз жұмыс жасап келеді. Осы уақыт ішінде біз 850-ден астам бүлдіршінді үлкен мектеп өміріне қимастықпен шығарып салдық.
Біздің мекеме мектепке дейінгі тәрбиенің заманауи ғылыми тұжырымдамаларына сәйкес жұмыс істейді. Балабақшамызда балаңыздың мектепке дейінгі балалық шағында толыққанды өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Педагогикалық ұжым әрбір баланың денсаулығына, эмоционалдық әл-ауқатына және жан-жақты дамуына мүмкіндік жасайды.
Балабақшамыздың балалары балабақшаның, қаланың және ауданның түрлі іс-шараларына қатысады. Біз ата-аналармен бірлесе отырып «Әкем, анам, мен — спорттық отбасымын» атты отбасылық жарыстар, түрлі көрме жұмыстарын да ұйымдастырамыз. Балабақшада сан түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Қазір көптеген ата-аналар баласына әдемі қымбат ойыншық сыйлай алады, оның жеке бөлмесін безендіре алады, керемет күтуші жалдайды, сайқымазақтармен ойын-сауық ұйымдастырады, бірақ баланың құрдастарымен қарым-қатынасын және баланың барлық мүдделері мен қажеттіліктеріне жауап беретін балабақшаның жан-жақты дамуын алмастыра алмайды.
Балабақшада балалар алғашқы достарын тауып, достық деген құндылықты түсіне алады. Бірлескен іс-шаралар балаларыңызды қуаныш пен шаттыққа бөлеп, балалар жақсы қарым-қатынасқа машықтанады.